Ақмола әкімі үш ауысымдағы мектептер мәселесі қашан шешілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде үш ауысымдағы мектептер мәселесі қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл 10 мектептің құрылысы мен 94 оқу орнын жаңғырту қарастырылған. Жоспарлы түрде үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешіліп жатыр. Жыл соңына дейін Целиноград ауданында төрт мектепті, Көкшетауда оқыту-тәрбие кешені мен қосымша оқыту корпусын пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл нысандар облыстағы 3 мектепте үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Жалпы алдағы жылы 980 орынға арналған тағы 4 мектепті тапсыру және Көкшетаудағы №4 орта мектепке қосымша корпус есебінен үш ауысымдағы және апатты мектептер мәселесін толық шешеміз», – деді әкім.


Соңғы жаңалықтар