Ақмарал Әлназарова ЕҚЫҰ сарапшыларымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Сенатор Ақмарал Әлназарова ЕҚЫҰ-ның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу мәселелері жөніндегі бірлескен шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуді ЕҚЫҰ-ның Гендерлік мәселелер жөніндегі Хатшылығының бағдарламасы, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ұйымдастырды.

Сарапшылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саясаты мен әдістерін қалыптастыру, оларға қолдау көрсету және зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау мәселелерін көтерді. Кездесу барысында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тиімді заңдар қабылдау, сондай-ақ проблемаға қарсы іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерін сапалы үйлестіру қажеттігі туралы әңгіме болды.


Соңғы жаңалықтар