Ақкөлден Нұр-Сұлтанға жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақкөлден Нұр-Сұлтанға осы уақытқа дейін жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл көліктерде ақтүтек боранның салдарынан жолдың ашылуын күтіп қалған жүргізушілер мен жолаушылар келе жатыр. Көліктер тобына жол бойындағы елдімекендерден тағы 20 көлік қосылды. Бірнеше бөлікке бөлінген әр тізбекте 30-35 көліктен қозғалуда. Көлік тізбегімен бірге қар тазалаушы техника, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар бірге келеді», - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінен.

Көлік тізбегінің құрамында көбінесе жеңіл автокөліктер, жолаушылар автобусы (оның ішінде шетел азаматтары да бар) бар. Сондай-ақ, жүк көліктерінің біразы Ақкөлде қалды. Қозғалыс қаупі ескеріліп, олар да тек құтқарушы құрылымдардың септесуімен жолға шыға алады.


Соңғы жаңалықтар