+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова

2021 жылғы 18 қаңтар 15:48
Бөлісіңіз:
Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бейбіт жиналыстар туралы» заңды жақсарту үшін полиция қызметкерлерін жаңа әдістеме бойынша оқыту керек. Елордада өтіп жатқан «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 7 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды 4 наурыз күнгі ауа райы болжамы СҚО-дағы әйелдер колониясында «Ана – менің жүрегім» атты мерекелік кеш өтті

«Шамамен бір жарым жыл бұрын мен Президенттің қабылдауында болдым. Содан бері саяси реформалардың үш пакеті жарияланды. Проблемалардың көбін мен бір құжат етіп жинақтап, қоғам өкілдеріне, адам құқықтары жөніндегі әріптестеріме ұсындым. Бұл ретте Президентке алғыс айтсам деймін, себебі бұрын мен айтып келген мәселелер шешімін таппайтын. Оның бірі - өлім жазасына қатысты. 1995 жылдан бастап қаншама ұйымдарға бас сұғып, қаншама уәкілетті органға бардым. Конференция мен кездесулердің бәрінде өлім жазасы туралы норма заңға сәйкес келмейтінін айтып келдім. 2019 жылы реформалардың бірінші пакеті қабылданды. Бір жыл бір жарым ай бойы салмақты мәселелер көтеріліп келді», - деді Жеміс Тұрмағамбетова.

Ол сонымен қатар елде «Бейбіт жиналыстар туралы» заңға қатысты әлі де сын айтылып келе жатқанын атап өтті.

«Бәлкім, оны зерттей түссек, жақсарта алатын секілдіміз. Бұл ретте полиция қызметкерлерін жаңа әдістеме бойынша оқыту керек. Азаматтық қоғам мен құқық қорғайтын ұйымдар бұл мәселелерді кеңінен зерттеуі тиіс», - деді ол.

Жеміс Тұрмағамбетова әлеуметтік желінің көмегімен бүкіл халық барлық мәселеден хабардар болып отырғанын еске салды.

«Мен жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды қарап шықтым. Меніңше, олар жұмысын жақсартуы тиіс. Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек», - деді Жеміс Тұрмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT