Әкімдерге азық-түлік тауарларының қорын жеткілікті мөлшерде қалыптастыру міндеті жүктелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдеріне азық-түлік тауарларының қорын жеткілікті түрде қалыптастыру міндетін жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсіп барады. Жыл басынан бері 4 пайызға қымбаттаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қой еті, сиыр еті мен жұмыртқа қымбаттаған. Сонымен қатар нан мен сүттің бағасы 8 пайызға өскен. Ашымалы сүт өнімдері 7 пайызға артқан», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы әкімдерге тұрақтандыру қорларында уақтылы азық-түлік тауарларының жеткілікті түрде қорын қалыптастырып, бағаны ұстап тұрудың өзге де тетіктерін пайдалануды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар