Әкесінің шаруа қожалығынан мал ұрлап істі болды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Кеген ауданының полицейлері бірнеше рет бөтеннің қорасынан қой ұрлап, оны заңсыз саудалаумен айналысқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеген аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі уақытта белгісіз біреулердің қойларын ұрлайтындығы туралы жергілікті тұрғындардан бірнеше арыз келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктілердің 19 жастағы жергілікті азаматтар екендігі анықталды. Олар өз істерін толығымен мойындап, одан өзге бірнеше ұрлыққа қатысы барларын жайып салды. Сонымен қатар, топ мүшелерінің бірі әкесінің шаруа қожалығынан ұрлық жасауға көмектескен.

Барымташылардың айтуынша, олар бұл іске ақша үшін барған. Қойларды жергілікті тұрғындарға сатып, ақшаны бөліске салғаннан кейін, аталған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Соңғы жаңалықтар