Әке-шешемді ренжітіп алудан қорқамын - Димаш Құдайберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Димаш Құдайберген атақты әнші болғаннан бастап неден сақтанатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайдағы «I am a singer» жобасының алғашқы турынан кейін келесі күні келесі бағдарламаға арнап деректі фильм түсіруіміз керек болатын. Ұйымдастырушылар сәл кешігіп келетінін хабарлады. Мен қонақ үйден шығып бара жатқанда бірінші рет күзетпен жүрдім. Адамдар маған жақындап, ұмтыла бастады. Қуанышты едім сол сәтте. Екіншіден, аздаған үрей пайда болды, себебі жанкүйерлерім шығармашылығыма жан-тәнімен берілгенін шын сезіндім. Өз-өзімді ұстап ары қарай жылжуым керек болды. Сол кезде пайда болған аздаған үрей әлі де бар. Біраз жылдан кейін мені де ұмытып кетеді-ау дегеннен қорықпаймын. Оларды ренжітіп алам ба дегеннен жасқанамын. Ата-анама, достарыма әрдайым ұнамды болғым келеді. Әке-шешемді ренжітіп алудан қорқамын», - деді Димаш Құдайберген ресейлік МУЗ-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа берген сұхбатында .

Сұхбат барысында әнші өзінің ата-анасының өмірдегі рөлі туралы ойымен бөлісті.

«Серіктесе жұмыс жүргізетін әртүрлі елде әртүрлі продюсерлер бар. Бірақ ешқайсысы маған қарыз емес. Бәрі де достық пен сенімге негізделген. Өмірдегі басты шешімдердің бәрін де ересек адам ретінде өзім қабылдаймын. Әйтсе де әкеммен көп ақылдасамын, себебі ол ақылдырақ, тәжірибесі молырақ. Әкем мен шешемнің жанында өзімді жайлы сезінемін. Өмірдегі ең басты бақыт – туғандарыңның жанында болып, олардың махаббатын, жылуын сезіну. Әкем мен шешем өмірдегі барым десем де болады. Өзімді қалай ұстап, қандай жағдайға да дайын болуым керектігін түсіндірген ата-анаммен мақтанамын», - деді Димаш Құдайберген.





Соңғы жаңалықтар