АҚДМ мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру критерийлерін өзгертеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Телеарналардың ақпараттық саясатының қазіргі жай-күйі қандай? Жекеменшік медиамен өзара іс-қимыл үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Бұл сауалдарға бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева президенттік кадрлық резервке кірген жастармен Zoom тұғырнамасында онлайн режимдегі кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында B2C consulting group басқарушы серіктесі Александр Данилов министрден қазіргі ақпараттық саясаттың жай-күйін сұрады.

«Ақпараттық саясат тұрғысында біз қалай қарай жылжуымыз керек, көзқарасыңыз қандай? Жеке медиамен жұмыс қалай болмақ?», - деді ол.

Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ешқандай қысым болмауы тиістігін баса айтты.

«Біз тұрып жатқан өңіріне қарамастан әрбір адамға елімізде жүзеге асырылып жатқан саясатты жеткізуге тиіспіз. Өңірлердің ерекшеліктері де бар. Өңірлік телеарналар дәл сол ерекшеліктерді басты назарда ұстауға бағытталған. Ал жеке БАҚ-пен өзара іс-қимылға қатысты айтар болсам, ол мемлекеттік ақпараттық тапсырыс арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде өзара іс-қимыл форматын, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қалыпастыру критерийлері мен әдісін өзгертіп жатырмыз. Жұмыс тобы құрылды. Ол проблемалы мәселелерге сараптама жинынтығын жасайды», - деді Аида Балаева.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта өмірдің барлық саласын кеңінен көрсету үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сараптамалық бөлігін кеңейтуге қатысты критерийлерді өзгерту қарастырылып жатыр.

«Өкінішке қарай, бүгінде ақпараттық тапсырыс жаңалық блоктары арқылы беріледі. Біз әрбір сала кеңінен көрсетілуі үшін сараптамаға басымдық бермекпіз. Осыған байланысты бізде strategy2050.kz ресурсы бар. Оны да қайта жасақтадық. Ол да ақпараттық ресурсқа айналатын болады. Толықтай алғанда, резервшілерге белсенді ынтымақтастық ұсынамын. Сіздер де креативті роликтер әзірлеп, ақпараттық жұмыстың жаңа формаларына кеңес бере аласыздар», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар