Ақан Сатаев украиналық режиссердің Елбасы туралы фильміне пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі режисер, «Қазақфилмь» АҚ президенті Ақан Сатаев «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, үлкен жұмыс атқарылған. Өз басым бұл фильмді көргеніме қуаныштымын. Біздің халықаралық әріптестеріміздің туындысы өте тамаша шыққан деп есептеймін. Бұл команданың аты затына сай. Өйткені құрамында Оливер Стоун сияқты үлкен кәсіби шебер бар. Ол туындыға сапа қосты деп айтуға болатын шығар. Фильмнің бас кейіпкері - Елбасының тұлғасы да көрерменді өзіне тартатыны анық», - деді Ақан Сатаев.

Режиссер сұхбат форматындағы деректі фильмнің техникалық тұрғыда мінсіз түсірілуі екі сағат бойы көрерменді өзіне байлап ұстайтынын ерекше атап өтті.

«Қойылған сұрақтар да, берілген жауаптар да шынайы шыққан. Сондай бір ашық әңгіме шыққан. Фильм арқылы берілген жауаптар Елбасының тұлғасын одан әрі айқындай түскен. Оның тәуелсіздігімізді қалыптастырудағы рөлін біз әлі толық түсіне алмай жүрміз. Бұл фильмді әрбір қазақстандық көргенін қалаймын. Сонда жаңа тарихымызды жан-жақты түсінер еді. Екі сағаттың ішінде бүкіл тарихты беріп шығу мүмкін емес, Әсіресе жас ұрпақ тәуелсіздікті қалыптастыру жолында қандай күш жұмсалғанын ұғынса, келешегіміз үшін де жақсы болады», - деді «Қазақфильм» басшысы.


Соңғы жаңалықтар