Академия ұстазы дәрігерлердің балаларына тегін би сабақтарын өткізеді
«Би қуаты» әлеуметтік жобасының аясында 3 тамыздан бастап өткізілетін сабақтар дәрігерлердің балаларына арналған. Дегенмен қыркүйек айынан бастап барлық ниет білдірушілер осы сабақтарға қатыса алады.
Кәсіби хореограф жүргізетін сабақтарда балалар бал билерінің негіздерін үйренеді, сондай-ақ сабақтар жобаға қатысушылардың тұлға ретінде дамуына зор үлес қосады.
«Бидегі қимыл – бұл өмірдегі денсаулық. Мен пандемия кезінде адам өміріне араша болған дәрігер мамандардың балаларына қандай да бір көмек қолын созып, өз пайдамды тигізгім келді. Олардың бос уақытын жақсы өткізуіне сеп болып, өміріне жаңа серпіліс енгізгім келді», – дейді Евгений Моисеев.
Бал билері бойынша онлайн сабақтар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 19:00-де ZOOM платформасында өтеді. Конференция идентификаторы: 637-146-4604.