«Ақ жол» партиясы елдегі төтенше жағдайдың ұзартылуын түсіністікпен қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақ жол» демократиялық партиясы елдегі төтенше жағдайдың ұзартылуын түсіністікпен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақ жол» партиясы төтенше жағдайдың ұзартылуын түсіністікпен қабылдады. Індеттің жалғасуында бұл мәселеде абайлау керек. Карантиннің жұмсартылуын да қолдаймыз. Меморгандарды президенттің бизнесті қолдау және жүйе құрайтын кәсіпорындардың тізімін жасау тапсырмасын адал орындауға шақырамыз», деп жазды партиясының төрағасы Азат Перуашев Twitter -дегі парақшасында.

Еске слаа кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдеме жасады. Онда елдегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғаны айтылды.



Соңғы жаңалықтар