«Ақ жол» партиясы ел тарихын насихаттауға зор үлес қосып жүр - профессор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің қосқан үлесі» тақырыбында онлайн конференция өтті. Ғалымдар жиынды ұйымдастырған «Ақ жол» демократиялық партиясына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ата-бабаларымыздың өткен жолын ұлықтауға тиіспіз. «Қазақ Республикасының 100 жылдығын ерекше атап өтіп жатқан «Ақ жол» демократиялық партиясының барлық мүшесіне көп алғыс білдіреміз. Ең бастысы – еліміздің тарихын насихаттауға «Ақ жол» демократиялық партиясының қосып жүрген үлесі зор екенін бәріміз білеміз. Ғалымдар жиналған жерде жақсы ұсыныстар айтылады, біз де өз пікірімізді қосайық», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет.

Оның айтуынша, Қазақ Республикасы құрылған кезде қазақ елі өте күрделі кезеңді басынан кешіріп жатты.

«Біз әлі күнге дейін Алаш зиялыларының еңбегін елеп, дұрыс дәріптей алмай келеміз. Әр облыс өз тұлғаларын ғана танумен айналысып жатқандай. Шын мәнінде Әлихан Бөкейханов болсын, Халел Досмұхамедов, Уәлихан Танашев, Мұстафа Көкебаев болсын – осылардың бәрінің аты Атыраудан Алтайға дейінгі қазақ елінің көшелеріне, мектептеріне, университеттеріне, қала берді ауыл көшелеріне берілуі тиіс. Өкінішке қарай, кей тұрғалар ескерусіз қалып жатыр», - дейді профессор.


Соңғы жаңалықтар