Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық - Президент
«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», - деді Мемлекет басшысы.
Президент төтенше жағдай режімінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын еске салды.
«Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды», - деді Қ. Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтар санатының кеңейтілетінін айтты.