Air China ұшағы салондағы жанжал салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air China әуе компаниясының ұшағы Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл жайлы CGTN телеарнасы хабарлайды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұшақтың шұғыл қонуына бір жолаушының жұдырығын түйе бортсерікке тұра ұмтылуы себеп болған.

Жолаушылар Чжэнчжоу әуежайының күту залына орналастырылды.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар