Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар министрлік жетекшілік ететін салалардағы сұрақтарды сөз етті.

Министр ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жетімділік және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шаралар туралы айтты. Мәселен, Аида Балаева қоғаммен кері байланысты одан ары жақсарту мақсатында Министрліктің стратегиялық сессиялары қазір еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқанын атап өтті.
Сума Чакрабарти ел ішіндегі ақпараттық саясатты жүргізудегі ерекшеліктер мен Қазақстанды шетелде брендтеу сұрақтарына қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында Аида Балаева мен Сума Чакрабарти бірлескен жұмыстың барлық сұрақтары бойынша тұрақты диалог жүргізіп отыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар