+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Аида Балаева «Қорқыт ата» телехикаясының шығармашылық тобымен кездесті

2021 жылғы 18 қыркүйек 17:44
Бөлісіңіз:
Аида Балаева «Қорқыт ата» телехикаясының шығармашылық тобымен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда «Қорқыт ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Еске сала кетейік, телехикаяны әзірлеу жұмыстарын бастауға келісімдерге осы жылдың сәуір айында өткен Түркияға ресми сапар кезінде қол жеткізілген болатын.

Министр А.Балаева телехикаяның шығармашылық тобымен кездесуде:

«Қорқыт ата – түркі әлемінің ең ұлы тұлғаларының бірі, барлық түркі халқына ортақ тұлға, ортақ мұра. Сондықтан бұл туынды тек біздің көрермендерге ғана емес, басқа да елдерде үлкен сұраныс әкеледі деп сенемін. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерін осы жобаға шақырып, әріптестік орнату жөнінде ұсыныс жасадық. Қазір тиісті келіссөз жүріп жатыр», - деді.

Алматыда өткен өтырысқа «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, этнограф-ғалым, өнертанушы Тынысбек Қоңыратбаев, киносыншы Дәрежан Өмірбаев, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, кинотанушы Гүлжан Наурызбекова, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телерадиокорпорация ардагері Қайнар Олжай, өнертанушы Сағатбек Қалиев, сценарист Бекзат Мырзахмет қатысты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT