Аида Балаева Қазақтелекомның жаңа бағдарламасына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақтелеком» АҚ-ның түбегейлі жаңа телевизиялық платформа құру жөніндегі жаңа жобасына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиа саладағы айтулы оқиға. Қоғамға сапалы әрі ашық ақпарат жеткізу – біздің қызмет саласындағы басты міндеттердің бірі. Соның ішінде әсіресе, жаңа теле-платформаның мемлекеттік тілге басымдық беретіні көңіл қуантады. Сондай-ақ, жаңа бастама – отандық медиа саласының бәсекеге қабілетін одан ары арттыруға үлкен серпін береді деп сенемін», - деді министр «Қазақтелеком» компаниясының «ТВ+» тұғырнамасын таныстыруға арналған іс-шара барысында.

Бұл орайда, Аида Балаева осы жаңа жобаға бастама көтеріп, оның іске асуын қамтамасыз етіп отырған – «Самрұқ-Қазына» Әл-ауқат қоры мен «Казақтелеком» компаниясына алғысын білдірді.

«ТВ+» жаңа телеплатформасы отандық медиа нарығын дамыту катализаторларының бірі ғана болып қалмай, жас талантты авторларды елімізде жаңа, барынша сапалы контент жасау үшін үнемі жұмыс істеуге ынталандырады деп сенеміз. Ал олардың күш-жігерінің нәтижесі мен көрсеткіші жоғары көрермен рейтингі болсын», - деді ол.

Сонымен қатар ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдағы уақытта серіктестік жұмысқа дайын екендігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар