Аида Балаева БҚО интеллигенциясымен, белсенді жастармен кездесті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру аясында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министр әкімдік активімен кездесуде мемлекет пен қоғамның дамуы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, жастармен тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты екенін атап өтті», - делінген министрлік ақпаратында.


Сонымен қатар, А.Балаева министрлік пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының негізгі бағыттарына баса назар аударып, өңірдің қоғамдық-саяси жағдайы саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті, жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша ұсыныстар берді.«Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі министрдің облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулері болды. Аталған кездесулер барысында ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға енгізілген заңнамалық түзетулерді іске асыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жол картасын іске асыру сияқты маңызды мәселелер талқыланды», - делінген министрлік мәліметінде.

Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапары аясында облыстың белсенді жастарымен кездесті, Махамбет университетінің, Оқушылар сарайының жұмысымен танысты, «Атамекен» өнер ордасының» салтанатты ашылуына қатысты.


Соңғы жаңалықтар