Аида Балаева Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен қайырымдылық және волонтерлік, гранттар туралы заң жобасының мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрағасы А. Айдарқұлова және Сорос-Қазақстан қоры бағдарламаларының директоры Б. Аязбаева, сондай-ақ Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Е. Жовтис, коммерциялық емес құқық сұрақтары бойынша сарапшы Г. Кужекеева, Caspian University қоғамдық құқық ҒЗИ директоры Р.Подопригора қатысты.


Министр қайырымдылық, волонтерлік салаларындағы мемлекеттік шаралар туралы, сондай-ақ ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде айтып берді.
А.Балаева қайырымдылық пен волонтерлікті дамыту мен қолдау – азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының волонтер жылын аяқтау аясында берген тапсырмаларын, құқық қолдану тәжірибесін талдау, халықаралық тәжірибе, сондай-ақ, ҮЕҰ, волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарының, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі», — деді А.Балаева.


Ол кездесудің қатысушыларына заң жобасы 2021 жылға арналған тиісті жұмыс жоспарына енгізілгенін, аталған жоспарға сәйкес Үкіметке шілде айында, ал Мәжіліске ағымдағы жылдың қыркүйегінде енгізу жоспарланғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми-құқықтық сараптама ұсынымдары алынды.

Кездесудің қатысушылары мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзектілігін растады, сондай-ақ ұсынылып отырған заң жобасына қатысты нормалар бойынша өз ұсыныстарын айтты.


Бүгінгі пікір алмасуда алынған ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, заң жобасын пысықтау, жұмыс тобының отырысына енгізу және мемлекеттік органдармен келісу жоспарланды.


Соңғы жаңалықтар