Аида Балаева Алматыда «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту мәселелері бойынша тәсілдер мен ұсыныстар, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құруға қатысты қоғамдық кеңестер институтын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Аида Балаева өз сөзінде қоғамдық бақылау институтын жетілдіру дер кезінде қолға алынғанын және оның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Болашақ заң жобасының мақсаты – қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды айқындау.

Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидаттарының бірыңғай жүйесін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күш-жігерді біріктірудің құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің функциясын, өкілеттігі мен жауапкершілігін айқындау кіреді.

«Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құруды көздейтін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу арқылы Қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейтетін заңға түзетулер әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда бұл түзетулер келісу рәсімінен өтуде», - деп атап өтті Аида Балаева.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «KAZBREND» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жазылбеков, «ҚазРЕНА» Қазақстанның Ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Борис Жапаров және «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова сөз сөйледі.

Қоғамдық кеңес мүшесі Борис Жапаров шет мемлекеттерде қолданылатын заңды мысалға келтірді.

«Бүгін біз министрмен бірге ҚР Қоғамдық бақылау жөніндегі заңның тұжырымдамасын талқыладық. Қоғамдық кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды. Мен де дамыған мемлекеттердің тәжірбиесіне сүйене отырып өз ұсынысымды айттым. Қалалық деңгейде референдум өткізу құқғын берсе, соған сәйкес, қала тұрғындарының мақсат-мүдесін ескере отырып, лауазымды қызметтерде жүрген азаматтарды немесе мәслихат депутаттарын өз міндетін орындамаған жағдай да заңға қайшы әрекеттер жасаған кезде қызметіне қайта шақырса деген пікір білдірдім.Мысалы мұндай тәсілді АҚШ, Жапония, Австралия елдері қолданады»,- деді Борис Жапаров.

Іс-шара соңында министр кездесудің барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және қоғамдық іске жауапты көзқарасы үшін алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар