+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ахмет Байтұрсынұлы ауылына ауызсу құбыры тартылады – Қостанай облысы

2020 жылғы 23 қазан 15:25
Бөлісіңіз:
Ахмет Байтұрсынұлы ауылына ауызсу құбыры тартылады – Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы Жангелдин ауданынында 12 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы аудан әкімі Шота Оспанов журналистермен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы екі елдімекенге таза ауыз су берілді Ақмола облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі қандай

Жангелдин ауданы – облыс орталығынан ең шалғай орналасқан өңір. Аудан экономикасының негізгі саласы, стратегиялық маңызды бағыты – ауыл шаруашылығы өндіріс. 2020 жылдың 9 айында аудан кәсіпкерлері 12 млрд 703 млн теңгенің өнімін өндірген. Астық науқаны да уақытылы аяқталды.

«Жангелдин ауданында 25324 га жерге егін себілді. Одан 20765 га бидай жиналып, орташа түсімі 8,3 ц/га болды. Көктемгі егін себу жұмыстарына 369 тонна арзандатылған жанармай бөлінді. Мал шаруашылығы саласында 8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі 104,2 пайызға жетті. Шаруашылықтардың барлық түрлерінде 38 мың бас ірі қара, 92 мың бас қой-ешкі, 13 мың астам жылқы өсірілуде. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 шаруашылық Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы 77 млн теңге несие алды», - деді аудан әкімі.

Биыл ауданда «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында бірнеше нысанда күрделі жөндеу, құрлыс жұмыстары қарқында жүріп жатыр. 459 жұмыс орны құрылса, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 234 адам жұмыс тапты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Албарбөгет ауылдық округінің Көлқамыс ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға 104 млн теңге бөлінді. Мұндай жұмыс Ақкөл, Қалам-қарасу және Сарысу ауылдарында да жүргізілді. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы ауылына таза ауызсу желісі тартылады. Бұған дейінгі сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылып, нысанының құрылыс жұмыстары алдағы 10 желтоқсанда аяқталмақ. Бұл мақсатқа қазынадан 332 млн теңге бөлінген.

«Ауданда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 548 млн теңгені құрайтын «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» құрлысына 362 млн теңге бағытталды. Нысанды іске қосу 2021 жылдын 31 тамызына беліленген. Салынған мерзімнен бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмеген Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Топжарған» стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Жоба құны – 156 млн теңге. Сонымен қатар Торғай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға мән беріліп келеді. Еесепті жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Мәуленов, Тынымов, Құлжанов, Алтынсары, Кейкі батыр көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді», - деді Шота Оспанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT