АХҚО жанынан Заң технологиясын дамыту жөніндегі консультативті кеңес құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Заң технологиясын дамыту жөніндегі консультативті кеңес құрылды, деп хахабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовтың қатысуымен жаңа құрылған Заң технологиясын дамыту жөніндегі консультативті кеңестің бірінші отырысы өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанынан құрылған Консультативті кеңес орталықтағы заң технологиясының экожүйесін дамытуды мақсат етеді. Кеңестің құрылуы заң қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттырып, ел азаматтарының барлығын ашық етеді.

Шараға АҚШ, Нидерланды, Сингапур, Ұлыбритания мен Швейцариядан консультативті кеңес құрамына енген құқық пен заң технологиясы саласындағы беделді сарапшылар қатысты.

Консультативті кеңес заң технологиясы саласында АХҚО мен мүдделі топтардың арасында ынтымақтастықты дамытып, заң технологиясына арналған әлемдік деңгейдегі нормативті құқықтық базаны дайындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Марк Бир, Заң технологиясын дамыту бойынша Консультативті кеңестің Төрағасы: «Заң технологиясы 2014 жылдан бері жоғары қарқынмен дамып келе жатыр және бүгінге дейін осы салаға 13 млрд доллар инвестиция салынды. Инвесторлар тарапынан заң технологияларына қызығушылықтың жоғарылығы АХҚО үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады».

Марат Әйтенов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: «Жаңа технологиялардың жедел дамып, адамдардың өміріне үлкен ықпалын тигізіп отырғаны күмәнсіз. Бұл заң технологияларына да қатысты. Біз құқықтың осы болашағы зор бағытының мүмкіндіктерін зерделеп жатырмыз және сол ақылы болашақта өзіміздің өңірлік өнім болатын үлгілерімізді дайындаймыз деп үміттенемін»,-деді.


Соңғы жаңалықтар