АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы шағымдар мен сот отырысын онлайн режимде жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы сот төрелігіне қол жетімділікті интернет арқылы қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты күрт өзгеріп жатқан жағдайды мұқият қадағалап отырады. Екі орган дауларды шешу қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу және пайдаланушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін керекті шаралар қабылдады.

«Үкіметтің қаулысына сәйкес біз қолданушыларымызға дауларды шешудің барлық онлайн-қызметтерін ақысыз ұсынуды жалғастырудамыз. АХҚО Соты мен ХТО-ға шағымдарды екі органның ресми сайттарында сілтемелері бар eJustice электрондық әділет жүйесі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Біз дауларды аудио және видео технологиясын қолдана отырып, электронды құжат алмасу арқылы шеше аламыз. Дау тараптары сот төрелігіне қол жеткізу үшін үйлерінен немесе кеңселерінен шығудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда ХТО медиация ережелерін қолдана отырып 57 медиация процесі жүзеге асырылды. ХТО сонымен қатар екі арбитраждық шағымды қарастыруда. АХҚО Соты өз кезегінде бір істі қарастырды», делінген хабарламада.

Сот төрелігін онлайн режимінде қамтамасыз ету үшін қабылдаған шараларға қосымша, жақын арада АХҚО Сот және ХТО-ның онлайн вебинарлары іске қосылады.

«Олар заң және бизнес қауымдастықтарғаАХҚО Соты мен ХТО жұмысы туралы және құқықтық тақырыптарды талқылау, сондай-ақ COVID-19 коронавирусына қатысты мәселелер мақсатында жарияланады.

АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды «бір терезе» негізінде шешуге арналған барлық қызмет түрлерін ұсынады. Екі орган да Қазақстан Республикасының сот жүйесінен тәуелсіз және АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды, сондай-ақ тараптар АХҚО Соты мен ХТО-ның юрисдикциясын қолдануға келісім берген дауларды шешудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. АХҚО Соты және ХТО-ның судьялары, арбитрлары, делдалдар, процедуралар, практика және стандарттар әлемнің ірі қаржы орталықтарында жұмыс істейтін компанияларға танымал.

«Біз COVID-19 коронавирусымен байланысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалаймыз және АХҚО Соты мен ХТО жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Қазіргі уақытта АХҚО Соты мен ХТО барлық шағымдар мен сот отырыстарын, тараптардың үйлерінен шығып, денсаулығына қауіп төндірместен, онлайн режимінде жүзеге асырайды. Инвесторлар мен кәсіпкерлер өздерінің даулары АХҚО Соты мен ХТО-да онлайн режимінде, заңдылықтың жоғары стандарттарын қолдана отырып, үнемді және уақтылы шешілетініне сенімді бола алады», - деді АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Шағым беру мәселелері бойынша кеңес алу үшін [email protected]және [email protected]арқылы хабарласу керек.


Соңғы жаңалықтар