+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

АХҚО әлемнің ТОП-50 орталығының қатарына кірмек

2018 жылғы 14 қараша 14:11
Бөлісіңіз:
АХҚО әлемнің ТОП-50 орталығының қатарына кірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 3 жылдың ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіретін болады. Бұл туралы бүгін аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық қаржы орталықтарының арасында бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингі радарында пайда болды. Ағымдағы жылы біз 61 орынға ие болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы, таяу ү жылда әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күннің өзінде құзыретімізге 88 компания тіркелді және біз 2020 жылдың соңына дейін 500 компанияға дейін компания тіркеледі деп жоспарлап отырмыз», - деді Қайрат Келімбетов АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Оның айтуынша, АХҚО Биржасында алғашқы транзакция басталды. Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын, «Қазақтелеком» облигацияларын орналастыру табысты аяқталды.

«Бірақ, мұның барлығының маржаны «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орналастырылуы болып отыр. Бүгін біздің биржамыз «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату үшін бастау сәтінің тұғырнамасы қызметін атқарады»,- деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосқан болатын.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» акциялары «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасында сатылымға шығарылғанын,

сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алғанын хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT