Ағылшын футбол клубтары коронавирус салдарынан 1,3 млрд еуродан айырылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англия премьер-лигасының (АПЛ) футбол клубтары коронавирусқа байланысты осы маусымдағы ойындарын өткізе алмаған жағдайда 1,3 млрд еуроға жуық қаржыдан қағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Telegraph газетіне сілтеме жасап.

Сенбі күні АПЛ басшылығы клуб ойыншыларының жалақыларын 30% қысқарту мақсатында олармен бейнеконференция өткізді. Сондай-ақ футболшыларға клубтың болуы мүмкін қаржылық шығындары туралы айтты. Коронавирус пандемиясына байланысты Англия чемпионаты белгісіз мерзімге тоқтатылатын болды, егер маусым аяғына дейін жүргізілмесе, онда клубтар теледидар арқылы тарату құқығынан (шамамен €866 млн), матчтар өткізуден (шамамен €227 млн) және демеушілік келісімшарттардан түсетін (шамамен €199 млн) кірістерден қағылатын болады.


Соңғы жаңалықтар