Агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы міндетті заңнамалық сақтандырудың күші жойылып, орнына агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды. Осы жылдың маусымынан бастап министрлік ерікті сақтандыру бойынша барлық заңға тәуелді актілерді қабылдады. Оператор ретінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандыру өнімдерін іске қосты. Олар бойынша сақтандыру сыйақысының бір бөлігін 50 пайыз субсидиялау көзделген», - деді министр Орталық комуникациялар қызметіндегі онлайн кездесуде.

Сапархан Омаровтың атап өтуінше, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа күн тәртібі аясында аталған барлық тәсілдемелерді іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, саланың серпінді және үдемелі дамуын қамтамасыз етеді», -деді ол.


Соңғы жаңалықтар