Аграрлық несие корпорациясының экс-басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аграрлық несие корпорациясының бұрынғы басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың 7 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының үкімімен бұрын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған «Оңтүстік» өңірлік инвестиция орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Н.Қ.Сарыбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол аталған компаниялардың қаражатын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру мақсатында бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, параның жалпы сомасы - 6 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар