Африкада арыстандар азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оксфорд университетінің зерттеуінше, Африкада табиғи ортаны мекендейтін арыстандардың саны 22 509-ға дейін азайған. Бұл туралы Йоханнесбургтің 702 Talk Radioсы хабарлады.

Британ университетінің жабайы табиғатты қорғау жөніндегі зерттеу бөлімінің мәлімдеуінше, Африкада арыстандардың мекені 95% қысқарған.

Ғалымдардың санағына сүйенсек, Малавиде небәрі 5 арыстан табиғи мекенде өмір сүреді, Анголада 25, Руандада 22, Нигерияда 30 ғана арыстан бар. Жабайы табиғи ортаны мекендейтін арыстандардың ең көбі Танзанияда - 8 176, ал ОАР-да - 2 070, Кенияда - 1 825, Замбияда - 1 095, Мозамбикте - 1 295, Зимбабведе - 1 709 қалған.

Ғалымдар жыртқыштарды сақтап қалу үшін мардымды шаралар қарастырылуы қажеттігін айтып, дабыл қағуда.

Соңғы жаңалықтар