Адвокат пен прокурор құқығын теңестіру: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев адвокаттар мен прокурорлардың құқығын теңестіру жөніндегі Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік экономикалық салалардағы және басқа да сұрақтар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажеттігі туралы атап өтті. Президент пандемия тәжірибесін ескере отырып, құқықтық регламенттеу деңгейлерінің арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді әзірлеуді тапсырды. Президент атқарушы билік қызметінің шектен тыс заңнамалық регламенттелуі туындаған мәселелерге шұғыл ден қоюға кедергі келтіргенін айтты», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр атап өткендей, Президент бұл мәселені Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында қарастыруды тапсырған. Осы ретте толық нормаларды анықтау үшін заңнамалық актілерге тексеріс жүргізілмек.

«Мемлекет басшысы сот процестерінде адвокат пен прокурор құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету қажеттігін жеке атап өтті. Аталған тапсырманы орындау үшін адвокаттық қоғамдастықпен бірлесіп «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі» заң жобасына енгізілген түзетулер әзірленді. Бұл түзетулер адвокаттардың сот процестеріндегі өкілеттіктерін кеңейтеді. Заң жобасы Мәжілістің қарауында. Әділет министрлігі, сонымен қатар, 43 іс-шара бойынша бірлесіп орындаушы болып белгіленгенін атап өту керек. Іс-шараларды іске асыру барысында біз жауапты мемлекеттік органдарға жан-жақты құқықтық қолдау көрсетеміз, сондай-ақ, тиісті ұсыныстар әзірлеуге қатысамыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар