Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кетеді – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицияның сервистік моделін қалыптастыруда халықпен тығыз жұмыс істейтін салаларға басымды беруілуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел ішіне ірткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек», - деді Президент.

Ол үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екені де айтылды.

«Бүкіл құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – заңнаманың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Сол мақсатпен былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ, заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ, Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.



Соңғы жаңалықтар