Әділет министрлігі биылғы заң жобалау жоспарын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан министрліктің осы жылға арналған заң жобалау жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобалау қызметін үйлестіру аясында Әділет министрлігі Үкіметтің заң жобалау жұмысының 2020 жылға арналған жоспарын уақтылы орындау жөнінде шараларды қабылдады. Бастапқыда жоспар 17 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздеді. Жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, жоспар 22 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді қамтыды. Олардың 8-іне Мемлекет басшысы қол қойды және 14-і Парламенттің қарауында», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары толық көлемде орындалды.

«Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді, сондай-ақ стратегиялық құжаттарды ескере отырып, Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген Заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары 2020 жылдың желтоқсанында бекітілді. Онда 25 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның ішінде 1-жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасын, ал 2-жартыжылдықта 12 заң жобасын енгізу жоспарланған», - деді Наталья Пан.


Соңғы жаңалықтар