Әділет министрлігі ақылы сот сараптамаларынан 0,5 млрд теңге табыс тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 177 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізілді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылы 177 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізілді. Ақылы қызметтер бойынша табыс 475 млн теңгені құрады. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 81 млн теңгеге немесе 20,8 пайызға артық», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, 319 сот сарапшысының біліктілікті арттыру, оның ішінде виртуалдық аутопсия және компьютерлік технологиялар сияқты сараптаманың жаңа түрлері бойынша курсы ұйымдастырылды. Сот-сараптамалық зерттеулердің 15 жаңа әдістемесі әзірленді. Жаңа кәсіби стандарттар бекітілді. Сараптама сапасын бақылау және бағалау механизмі жетілдірілді. Орталықтың 3 филиалына аккредитация жүргізілді. Аккредитациялауға тағы 6 филиал дайындалды.
«Сарапшылардың еңбекақысын көбейту мәселесі пысықталды. Желтоқсан айында медициналық сот сарапшыларының еңбекақысын жұмыс берушінің қаражаты есебінен 30 пайыздан 45 пайызға дейін, зейнетақы жарнасын 5 пайызға көбейтуді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды», - деді Азамат Әмірғалиев.
- Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
- Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды
- Қарызын қайтармағанды атқан павлодарлықтың үкімі қайта қаралып, 8 жылға сотталды
- Мәжіліс Жоғарғы сот төрағасы мен судьясы үміткерлеріне қатысты құжатты мақұлдады
-
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
-
Шымкент: Басқарма бастығы Олег Почиваловтың Ресей азаматы екені сотта дәлелденді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам