Әділет министрлігі 700-ге тарта қызметкерді қысқартып, 2 млрд теңге үнемдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрлігі кадр қызметінің басшысы Қасымқожа Өміровтың айтуынша, үнемделген 2 млрд теңге қалған қызметкерлердің жалақысын арттыруға жұмсалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың ақпанынан бастап Әділет министрлігінің аумақтық деапртаменттерінің бәрі де факторлы-балды шкала жүйесіне өтті. Келесі жылдан бастап жаңа әдістемеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің бүкіл жұмыс өтілі есептеледы – бұл олардың айлығын кезекті рет көтереді. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ ведомствоішілік ұйымдардың қызметкерлерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Осының арқасында қаражат үнемделеді. Факторлы-балды шкалаға өту – оң тәжірибе көрсетті», - деді Қасымқожа Өміров Әділет министрлігінің онлайн режимде өткен алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша мемлекеттік қызметшілердің орнына леген бәсеке де қыза түскен. Бұрын бір орынннан бес адам үміттенсе, қазір бір вакантты орыннан үміткерлердің саны 13 адамға дейін жеткен.

«Ведомствоішілік ұйымдардағы қызметкерлердің санын биыл 10, келесі жылы 15 пайызға қысқартамыз. Өткен жылдан бері мемқызметшілерді оңтайландыру жұмысын жүргізіп, ол шаруаны осы жылдың алғашқы тоқсанында аяқтадық. Бұл жұмыс Әділет министрлігінің барлық аумақтық департаменттерін факторлы-балды шкалаға өткізуге жол ашты. Біз 700-ге тарта қызметкерді, шамамен барлық қызметкерлердің 30 пайызын қысқарттық. 200-ге тарта басшылық лауазымы жойылды. 30 мың шаршы метр кеңсе орыны, 109 көлік босады. Қысқартылған қызметкерлердің ішінде басшылықта болғандар да бар. Орта және төменгі санаттағы қызметкерлердің айлығы 2-2,5 есе өсті. Осылайша 2 млрд теңге үнемделді. Ол қаражат қалған қызметкерлердің айлығын арттыруға жұмсалып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар