Әділет министрі Марат Бекетаев Бельгияға жұмыс сапарымен барды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияға жұмыс сапары барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Еуропалық Одақ пен Бельгияның ресми тұлғаларымен ҚР-дағы құқықтық реформалар және құқықтық қолдау мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің хабарлауынша, ҚР Бельгиядағы Елшілігінің хабарлауынша, 29 қыркүйекте М.Бекетаев Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Әңгімелесу барысында тараптар сот төрелігі жөніндегі Кіші комитет пен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог желісі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

И. Гилмор адам құқықтары өлшеміндегі екіжақты байланыстардың өсу динамикасына, оның ішінде 2021 жылғы 6 қазанында Алматы қаласында өтетін «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» азаматтық форумы бастамасына жоғары баға берді, оған ЕО арнайы өкілі қатысуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде М.Бекетаев Әділет министрлігінің Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси жаңғырту мен адам құқықтарын қорғаудың құқықтық блогы бөлігіндегі Қызметі туралы айтып берді.

Осы күні ҚР ӘМ басшысы Еуропалық Парламент депутаттарымен, оның ішінде адам құқықтары жөніндегі Кіші комитет төрағасының бірінші орынбасары Бернар Геттамен, Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Урмас Паэтпен, Орталық Азиямен өзара іс – қимыл жөніндегі делегация төрағасының орынбасары Андрис Америкспен, Ішкі нарық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Роза Тунмен, Петициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Татьяна Жданокамен, «Қазақстан-ЕО» парламенттік делегациясының мүшесі Тьерри Марианимен және т. б. кездесті.

Кездесулер барысында еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған Қазақстандағы реформалар бойынша пікір алмасылды.


Соңғы жаңалықтар