Әділбек Жақсыбеков пен Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz директорлар кеңесінен шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 18 ақпандағы шешіміне сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық - Қазына» АҚ мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланды.

Ернат Бердіғұлов - «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин.


Соңғы жаңалықтар