+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Әділ Ахметов Президент мақаласы туралы: Ұлтты алға жетелейтін бастамалар бар

2020 жылғы 9 қаңтар 17:02
Бөлісіңіз:
Әділ Ахметов Президент мақаласы туралы: Ұлтты алға жетелейтін бастамалар бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлтымызды алға жетелейтін маңызды бастамалар көтеріліп отыр. Бұндай пікірді Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, түрколог, профессор Әділ Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы өте таразыланған, терең тағылымды мақала болып шығыпты. Өйткені бұл жай ғана құғақ сөз емес, Абайды терең зерттеп, зерделеген. Ұлт санасының жаңғыруына байланысты Абай бір ғасыр бұрын барлығын тыңғылықты айтып кеткен. Соның барлығын Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты мысалдармен тиянақтап, дәлелдеп жазыпты. Осы орайда Абайдың шығармалары ұлттық сананы сақтаудың, жаңғыртудың нағыз өзегі болу керек деген ой тұр арғы жағында», - деп тоқталды Әділ Ахметов.

Осы орайда ол Президенттің Абайды түсініп, зерттеп әрі тағылым ала отырып оқу керек деген үндеуіне барша қоғам назар аудару керектігін атап өтті.

«Педагог мәртебесіне де ерекше екпін қойылып отыр. Қазіргі кезде бұл бағытта оңтайлы қадамдарды байқап отырмыз, яғни ұстаздардың еңбекақысын көтеру, артық жұмыстан босату, ынталандыру шараларымен қамту секілді қажетті жұмыстар іске асырылуда. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы саладағы кемшіліктерді жоюға айрықша екпін қойып отыр. Мұнымен қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласында тіл үйренуге қатты мән берілген», - деп түсіндірді профессор.

Сонымен қатар Ә. Ахметов Президенттің популистік идеяларға қатысты айтқан пікіріне тоқталды.

«Мемлекет басшысы әлемнің түкпір-түкпірінде тек жалаң ұрандар арқылы билікке жеткісі келетін популистер туралы пікірін білдірді. Бұл мәселе ешқандай жауапкершілігі жоқ, сынауға әуес адамдарға қатысты болып отыр. Осы орайда популизмнен сақ болуымыз керек, яғни бұл теріс тенденция ғой»,- деді белгілі түрколог.

Ғалымның атап өтуінше, Президенттің қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін шетелге Абай арқылы таныту бастамасы өте маңызды.

«Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында маңызды тақырыптарды қамтыған. Бұл тыңғылықты сараланған мақаланы әрбіріміз оқып шығуымыз керек деп олаймын. Осы орайда ұлтымызды алға жетелейтін жақсы үдеріс басталғалы тұрғанын аңғаруға болады. Сондықтан Президент бастамаларына өзім риза болып отырмын», - деді Әділ Ахметов.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

атты мақаласы «Egemen Qazaqstan» басылымының бүгінгі санында жарияланды.


Фото: egemen.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT