Адамның жасын нейрон жүйесі арқылы анықтауға болады – зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адамның бет-бейнесіне қарап, оның жасын, жынысын нақты анықтауға болады. Ғалымдардың жаңа зерттеуі туралы techxplore.com жарияланды.

Соңғы жылдары ғалымдар машиналық оқыту негіздері бойынша көптеген қосымшаларды ойлап тапты. Оның ішіндегі жаңалық - нейрон жүйесі арқылы адамның жасын нақты анықтау.

Оңтүстік Африкадағы Квазулу-Натал университетінің ғалымдары адамдардың бет-бейнесі арқылы машиналық оқыту негізінде оның жасын нақты анықтау технологиясын ойлап тапты. Бұл зерттеу Spinger журналында жарық көрді.

Дәстүрлі тәсілдердің көбі арнайы бақылау шарттарымен, зертханаларда немесе фотостудияларда түскен суреттер арқылы ғана адамның жасын анықтайды. Ал күнделікті кез келген жағдайда немесе кездейсоқ түскен суреттен нақты жас мөлшерін анықтау қиын.

«Тереңінен оқыту тәсілдері бұл мәселені шешуде нәтиже көрсетті. Сондықтан біз адамның нақты жасын анықтау үшін өз тәсілдерімізді ұсынамыз» дейді зерттеушілер.

Квазулу-Натал университетінің ғалымдары алты қабатты архитектура негізінде «терең, нақты нейронды жүйе» ойлап тапты. Олардың моделі кездейсоқ түскен кез келген суреттен адамның жасын нақты көрсетеді.

Уикипедиядан IMDB-WIKI алынған жарты миллионға жуық суреттерді сынақтан өткізген ұйымдастырушылар модельдің нақтылығына көз жеткізді.

MORPH-II базасындағы 70 000 адамның суреті мен OUI-Adience базасындағы 26 580 сурет осы модельге орналастырылды.


Соңғы жаңалықтар