Адамды қағып, қашып кеткен жүргізуші көлік сынығы арқасында ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші көлігінің сынықтарымен табылып, ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласына бір шақырым жерде 41 жастағы тұрғынды көлік қағып кеткендігі туралы ақпарат келіп түскен. Жол апаты салдарынан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиға орнына жеткен полиция мұқият тексеру кезінде бампердің өндіруші зауыт нөмірі бар пластмасса сынығын тапты. Осы нөмір бойынша «RENAULT MANAGER« жүк көлігінің маркасын анықталды. Тәртіп сақшылары облыстың барлық жеке құрамын жұмылдырылып күдіктіні ұстауға кірісті. Бірнеше сағаттан кейін Алакөл ауданында Алматы-Өскемен автожолының 508 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары Әділет Махатов пен Руслан Меделханов іздестіріліп жатқан көлікті ұстады. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылының 32 жастағы тұрғыны көлігімен адам қаққанын мойындады», - деді патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Қайырбек Қанатбеков.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек Қылмыстық колдекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-баптың 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу, ЖКО болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркелді.


Соңғы жаңалықтар