Адамдарды кішкентай кезінен денсаулығын ойлауға үйрету керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адамдарды кішкентай кездерінен денсаулығын ойлауға үйрету керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2010 жылдан бастап денсаулық сақтаудың бірқатар бағыттарын, аталған нысандардың экстенсивті тиімділігін оңтайландыруға басымдық бердік. Нәтижесінде мыңға жуық инфекциялық төсек-орын қысқартылды. Биологиялық қатерді қаперге ала отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесінің артық екендігіне және оларды сыни жағдайдарға дайын ұстап тұруға қатысты мәселені қарастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті азаматтардың денсаулығын қорғау үшін превентивті медициналық-санитарлық шараларды қабылдауға бірінші кезекте назар аудару қажеттігін баса айтты.

«Әрине, бір жағынан біз ауруханалар салуымыз қажет. Бұл - азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау мәселесі. Бұл - үлкен стратегиялық міндет те. Екінші жағынан, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге де тиісті ведомстволар адамдарды кішкентай кездерінен өз денсаулықтарына қамқорлық танытуға оқытуы, азаматтарымыздың денсаулығын қорғау бойынша санитарлық-медициналық шараларды қабылдауы қажет», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар