Адамдарды блокпостан өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкері сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөліміның бас маманы С.Оразов сотталды», - делінген ведомство ақпаратында.

Агенттік мәліметінше, сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар