Адамдар шыдамсыз болып барады - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Технологиялар кесірінен қазір өміріміздің жылдамдығы артты. Оның нәтижесі не болады?», деп жазады Le Monde.

«Адамдар смартфондағы қосымша лезде ашылмаса, ашуланады. Кассада ұзақ күту керек болған соң дүкенге барудан бас тартады. Ескі фильмдерді көргісі келмейді. Себебі сюжеттің тым баяу жүретінін ұнатпайды. Адамдар расымен, шыдамсыз болып бара ма?», - дейді мақала авторы Лора Бело.

Оның пайымынша, адамдардың шыдамсыздығының артуы бірнеше ғасыр бойы жүрген эволюция нәтижесі. Дегенмен, соңғы онжылдықта қаржы нарығының өнімділікке әсері, сонымен қатар цифрлық технологияларды пайдалану бұл тенденцияны арттыра түскен.

«Шыдамсыздық - жылдамдық идеясымен басқарылатын әлеуметтік өмір нәтижесі. Қазіргі таңда адам күнделікті қабылдайтын ақпарат легі анағұрлым көбейген. Сол себепті бізге уақыт жетпейтіндей көрінеді», - дейді ол.

«Бүгінгі таңда иіссу тұтынушы назарын аулау үшін жарты минут қажет етіледі. Ал 1980 жылдары иіссу таңдау үшін он минут қажет болатын», - дейді маркетолог мамандар. Атап өтілгендей, осы шыдамсыздықты білгендіктен мамандар иіссуларға жылдамырақ әрекет етуге итермелейтін жеміс немесе тәтті иістерді көптеп пайдаланады.

«Адамдардың қарым-қатынасына келер болсақ, интернеттің, одан кейін әлеуметтік желі мен смартфондардың бірінен кейін бірі пайда болуы цифрлық құралдарға қолы жетімді адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Мысалы, америкалық желіде алғашқы sms 1992 жылы жіберілді. Ал 2019 жылы жаңа жыл қарсаңында 60 секунда әлем бойынша 41,6 миллион хабарлама жіберілген. Бұған әрине, WhatsApp, Facebook Messenger, WeChat секілді қосымшалардың әсері мол», - деп жазады автор.

Ақпаратқа сәйкес, он адамның сегізі ояна сала смартфонына көз тастайды.

«Қазіргі таңда адамзат терең өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Дамыған елдерде үлкендер де, жасөспірімдер мен балалар да аз ұйықтайтын болған», - дейді әлеуметтанушылар. Ал психиатр Патрис Херренің айтуынша, ата-ананың шыдмсыздығы балаларға беріліп жатыр.

«Бұл жағдайлардың барлығы адам назарын бұзады. Адамдар әр нәрсеге аз уақыттан бөлетіндіктен, жылдам әрекет ету керек деп ойлайды», - дейді нейробиолог Жан-Филипп Лашо.

Оның айтуынша, табиғат жылдамдығына сай уақыт пен қаржы және технологиялық уақыт арасында баланс болуы керек. Бірақ адамдар кітап оқып, жай серуендеп, құр аспанға қарау, яғни өзіне уақыт бөлуді азайтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар