Адам өлімімен аяқталған көлік апаты: Алматы облысында қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында адам өлімімен аяқталған көлік апатынан қашып кеткен 44 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті 6 қараша күні Кербұлақ ауданында тіркелді. Сарыөзек ауылының жергілікті тұрғыны «Ауди-100» көлігімен бағанаға соғылған. Салдарынан 44 жастағы ер адам көз жұмып, тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіп, артынша полицейлер оны үйінде ұстады. Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы болғанда жүргізуші ішімдік ішкен. Ол арнайы медициналық тексеру кезінде анықталды. Енді күдікті оқиға орнынан қашып кеткені үшін де заң алдында жауап береді»,- деді аталған ведомстводан.

Аталған факті бойынша қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы және ҚР ҚК 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар