Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы онлайн-кездесу өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Әділет министрлігінің алаңында адам құқықтары мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс тобының онлайн-кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Әділет министрі Марат Бекетаев, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты.

«Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Кездесуге қатысушылардың барлығы адам құқықтары мен бостандықтарын, отбасының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар