Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандар жазаға тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандарға әкімшілік жаза қарастырылған. Бұл туралы Мәжілісте депутат Ирина Унжакова мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылды.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласып, кедергі жасау фактісі бойынша әкімшілік жаза қарастырылған. Кодекске тиісті түзетулерді енгізбекпіз», - деді И. Унжакова заң жобасын таныстыру кезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеретін қадамдар іске қосылады.

«Заң жобасында дербес құқықтылыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл өз кезегінде осы қызмет үшін маңызды. Яғни Уәкіл тұтқындалмайды, қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапқа тартылмайды, сондай-ақ тінту мен жеке тексеру жүргізілмейді», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар