«Adal» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
«Біздің тізімге әр саладан белгілі азаматтар кірді. Мәжіліс депутаттығына ұсынылып отырған тізімде 20 адам бар. Өңірлік, гендерлік және басқа да тепе-теңдікті сақтауға тырыстық. Біз ұсынып отырған 20 адамның 10-ы саяси кеңестің мүшесі», - деді «Adal» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қожамқұлов.
Сонымен «Adal» саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған тізімге мына кандидаттар кірді:
1. Серік Сұлтанғали - «Adal» партиясының төрағасы;
2. Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
3. Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
4. Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
5. Алмасбек Садырбаев - «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;
6. Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі;
7. Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
8. Жигули Дайрабаев - «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»;
9. Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері;
10. Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
11. Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;
12. Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
13. Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
14. Халиола Акдрашев – кәсіпкер;
15. Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;
16. Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;
17. Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;
18. Тимур Әбдікәрімов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;
19. Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер;
20. Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.