Абылай Мырзахметов: «Бастау бизнес» халқымыздың еріншек емес екенін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бастау бизнес» бағдарламасының ауқымы жыл өткен сайын ауылмен бірге қалаға да кең тарап келеді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахетов 5 жылдығына арналған форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнес бастау» арқылы оқыған, өз ісін бастағандардың 90 пайызы – өз-өзін жұмыспен қамтып жүргендер, әсіресе ауыл тұрғындары. Егер бастаған кезде бағдарламаға қатысушылардың 80 пайызы ауыл тұрғындары болса, қазір 60 пайызын құрап отыр. Қызмет көрсету саласы, шеберхана сияқты түрлі салалар жан-жақты дамып келеді. Соңғы жылдары пандемияға байланысты онлайнға да көштік. Біз халқымыз еріншек дегенді жиі айтамыз. Адамдар жұмыс таңдайды деп жатамыз. «Бизнес бастау» олай емес екенін көрсетті. Халыққа жолын көрсетсе, көмектесіп, қолтығынан сәл сүйемелдеп жіберсе, алып кететін алтын халықпыз. Сондықтан да бұл бағдарлама нәтиже көрсетіп отыр», - деді «Атамекен» басшысы.

Еске салсақ, бүгін «Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» жобасы бойынша атқарылған жұмыстардың 5 жылдығын қорытындылап жатыр. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараны Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен ашып берді.


Соңғы жаңалықтар