Әбу-Даби қаласында Израиль елшілігі ашылды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында Израиль елшілігі ашылды. Бұл - өткен жылы елдер арасындағы қарым-қатынасты толық қалпына келтіру туралы келісімнің нәтижесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қаңтарда Абу-Дабиде Израиль елшілігі БАӘ-ге дипломатиялық миссияның басшысы Эйтан Наэнің келуімен қатар ашылды, деп хабарлады Израиль Сыртқы істер министрлігі.

Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, «Израильдің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі елдер арасындағы байланыстың дамуына ықпал етеді».

Эйтан Наэ – Израильдің Түркиядағы бұрынғы елшісі, БАӘ-де ол уақытша сенімді уәкіл мәртебесіне ие болады.

Сондай-ақ 24 қаңтарда Әмірліктердің билігі Тель-Авивте елшілік ашуға рұқсат берген болатын.

Бір апта бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Натаньяхудың ақпан айында Біріккен Араб Әмірліктеріне баратыны белгілі болды.

Израиль үкіметі басшысының сапары елдер арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімдерге қол қойылғаннан кейінгі алғашқы сапар болмақ.

Соңғы жаңалықтар