Әбіш Кекілбаевтың туған ауылында ескерткіші қойылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туған күні қарсаңында туып-өскен ауылы Ондыда еңселі ескерткіш бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдебиеттің алыбы, кемеңгер тұлғаның кең кеудесі мен келісті келбетін бейнелеген ескерткіш өзі білім алған орта мектептің ауласында орналасқан.

Абыздың ескерткіші Алматы қаласында дайындалған. Арнайы қашалып жасалған мүсін тұғырының биіктігі 1.70 м. Ені - 1 метр. Қалыңдығы - 70 см. Биіктігі - 1.40 метрді құрайды.

Игі шараға облыс әкімі Серікбай Трұмов, өңірдің ақсақалдары, жазушының туыстары мен үзеңгілес достары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шара жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында да Әбіш Кекілбайұлының туған күніне орай бірнеше шара ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар