Әбілқайыр Сқақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын сынға алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жиынға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов ресми органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы баяндады. Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы жүргізілген тексерістер нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 3719 ереже бұзушылық анықталды. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 10 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 17 әкімшілік іс қозғалды. Оған қоса, мемлекет пайдасына 467 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.


Өз кезегінде, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Тілеулесов осы бағыттағы идеологиялық жұмыс туралы айтты. Шенеуніктің сөзіне сенсек, атқарылған жұмыстың нәтижесінде халықтың 85%-ы антикоррупциялық саясатты қолдайтын болған. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аталған сандардың шынайылығына күмән келтіріп, өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты сынға алды. - Коррупцияға қарсы нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде емес, тіпті кей жағдайда сөз жүзінде ғана жүргізілуде, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Соңғы төрт айда тіркелген қылмыстар санының өсімі істің тиімсіздігін дәлелдейді. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 28-ден 69-ға, парақорлық 14-тен 52-ге өскен. Бұл - жер-жерлердегі жұмыстың формальді жүргізілуінің нәтижесі.

Осы орайда өңір басшысы мемлекеттік қызмет көрсету ісін барынша цифрландыруды қамтамасыз етіп, көлеңкелі экономиканың үлесін максималды түрде қысқартуды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар