Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы провизорлық ауруханаларда болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлерімен кездесулер барысында Павлодар облысының әкімі оларға жанқиярлық жұмыстары үшін алғыс білдірді және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ескертулері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, науқастармен сөйлескен кезде әкім оларға тезірек сауығып кетуді тілеп, медициналық қызметтердің сапасы мен ауруханадағы жағдай туралы сұрады. Өңір басшысы Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада, №1 және №3 қалалық ауруханаларда, сондай-ақ облыстық кардиологиялық орталықта болды. Әбілқайыр Сқақов облыстық аурухананың жаңа ғимаратының және №1 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне қосымша орынжайдың құрылыс барысымен танысты.
Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында әкім облыстың бас штаттан тыс реаниматологы Инна Гловацкаямен бірге провизорлық және жансақтау бөлімшелеріне барды. Бүгінде орталықта 107 науқас стационарлық жағдайда, 18 адам жансақтау бөлімінде ем алуда. Облыс әкімі науқастардан медициналық көмектің сапасы, тамақтану, дәрі-дәрмектер және басқа заттар туралы сұрады.

- Жатқаныма үшінші күн болды. Мен мұнда ентігумен келдім. Бүгін мен жақсы жүріп жатырмын, дем алу оңай. Біз барлық процедураларды уақтылы аламыз, - деді провизорлық аурухананың пациенті Әбілқайыр Сқақовқа.


- Медицина қызметкерлері жақсы. Олар палатаға күніне 5-6 рет кіреді. Тамақ жақсы. Дәрі-дәрмектер жеткілікті, - деді басқа науқастар әкімге.


Жансақтау бөлімінде Инна Гловацкая өңір басшысына қолда бар жабдық, оның жұмысы және ауыр науқастарды емдеу тактикасы туралы айтып берді. Әбілқайыр Сқақов орталықтың патологиялық-анатомиялық бөлімінде де болды. Әкім №1 қалалық ауруханада осындай профильдегі бөлімнің жұмысымен танысты.
Барған медициналық ұйымдардың барлығында әкім ұжыммен сөйлесіп, медицина қызметкерлерінің өңірде орын алған эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікірлерін тыңдады. Олардың айтуынша, ауруханаға ауыр халде түскен науқастардың көпшілігі үйде өзін-өзі емдеген адамдар. №3 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Василий Павлов атап өткендей, өкінішке орай, көптеген адамдар антибиотиктерді жүйесіз түрде қабылдаған. Ал бұл пациенттердің жағдайын да, олардың емін де күрделендіріп жіберді. Провизорлық ауруханалардың дәрігерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту туралы айтты, өйткені оның сапасы адамның үйде емделетініне немесе ауруханаға жататынына байланысты болады.
Әбілқайыр Сқақов алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын және басқа да бірқатар маңызды бағыттарды жақсарту бойынша шілденің басынан бастап қабылданған шұғыл қосымша шаралар туралы айтты. Облыста пациенттердің үйіне баратын мобильді топтардың саны артты. 91 бригада жеке қорғаныс құралдарымен және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Олардың жұмысын сонымен қатар дәрігерлер мен жедел штабтарға кеңес беру үшін аймақ басшысы шақырған Қоғамдық сарапшылар кеңесі қадағалайды. Сонымен қатар облыс әкімінің бастамасымен облыста дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды. Әбілқайыр Сқақов басқаратын жедел штаб туындаған мәселелерді жедел шешу үшін күнделікті онлайн-кеңестер өткізіп отырады.
- Негізгі міндеттердің бірі - емханалар, жедел жәрдем және ауруханалар арасында тиімді байланыс орнату. Олардың тығыз өзара әрекеттестігі және уақтылы бақылаулармен алмасуы тиімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту процесін едәуір жеделдетеді. Біздің стратегиялық мақсатымыз - амбулаториялық науқастардың ауруханаларға, ал ауруханалардағы пациенттердің жансақтау бөліміне түспеуі, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Ауруханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, «СК-Фармация» жеткізілімдерді арттырып жатыр. Қажетті құрал-жабдықтар бар. Қосымша қор үшін оттегі концентраторлары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жалғастырамыз. Оттегі нүктелерінің саны бүгінде 226-дан 376-ға дейін көбейтілді, айдың аяғында біз оны 500-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз.


Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов екі құрылыс алаңын - №1 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне қосымша орынжайын және облыстық аурухананың инфекциялық және тері-венерологиялық бөлімдердің жаңа корпусын аралады.



Көлемі 2,8 мың шаршы метрден астам қосымша орынжай осы жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Жаңа орынжайда қабылдау бөлімі, операциялық блок және жансақтау бөлімі орналасатын болады. Мердігерлермен әңгіме барысында облыс әкімі оларға құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды және ол жұмыстардың сапасы бірінші кезекте маңызды екенін еске салды.
Инфекциялық бөлімше орналасатын облыстық аурухана ғимаратында қазіргі уақытта 25 адам жұмыс істеп жатыр. Бұл нысанның төтенше маңыздылығын ескере отырып, облыс әкімі тартылған жұмысшылар санын көбейтуді және сәйкесінше нысанды пайдалануға беру кестесін қайта қарауды тапсырды.

- Бұл ғимарат бүгінде бүкіл өңір үшін аса қажет. 25 адам жылдың аяғында ғимаратты салып береді деп күте алмаймыз. Құрылысшылар санын 3-4 есеге арттырып, кестелерді қайта қарап шығыңыз, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Әр апта сайын мұнда құрылыс барысын үнемі белгілеп отыратын және оның сапасын бақылап отыратын мониторинг тобы келіп тұрады.


Соңғы жаңалықтар